Жамбыл облысында нөмірін жасырған жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында нөмірін жасырған жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырған жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 350-шақырымында полиция қызметкерлері Алматы қаласына бағыт алған MAN маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Көлікте жол ережесі бұзушылықтарын тіркейтін камералардан алдыңғы мемлекеттік нөмірді жасыратын арнайы құрылғы орнатылғаны анықталды.

Жүргізуші Грузия елінен келген, ол өз кінәсін толық мойындады.

Меркі аудандық соты оны ҚР ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлігі бойынша (мемлекеттік тіркеу нөмірін тануға кедергі келтіретін немесе жасыратын құрылғылармен көлік құралын басқару) кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1219040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version