«Үздік медицина қызметкері» байқауында үздіктер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай аудандық ауруханада орта буын медицина қызметкерлері арасында «Үздік медицина қызметкері» атты мерекелік байқау өтті. Ақ халатты абзал жандардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін ұштастырған іс-шара ерекше атмосферада ұйымдастырылды.

Байқауға ауданның әртүрлі елді мекендерінен келген 8 мейірбике мен 1 мейіргер қатысып, бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды, сондай-ақ аспаздық қабілеттері мен медицина саласындағы білімдерін көрсетті. Әр кезеңде олардың кәсіби біліктілігімен қатар жан-жақтылығы да айқын байқалды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені аудандық аурухана емханасының мейіргері Шахизада Тайтолеу иеленді. Ал І орын Аққайың Шерікбайға, ІІ орын Ақерке Шамероваға, ІІІ орын Анастасия Омароваға табысталды.

Жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және гүл шоқтарымен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық үміткерлерге ынталандыру сыйлықтары берілді.

– Бұл байқау тек кәсіби шеберлікті бағалау ғана емес, медицина қызметкерлерінің еңбегіне деген құрметтің көрінісі. Әр қатысушы өз білімін, қабілетін және мамандыққа деген сүйіспеншілігін көрсете білді, – деп атап өтті қазылар алқасының мүшелері.

Қазылар алқасы құрамында медицина саласының ардагерлері, сондай-ақ мәдениет және денсаулық сақтау саласының өкілдері болды.

Іс-шара соңында аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau/press/news/details/1219164?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version