9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Атырау қаласында майдангерлер рухына тағзым етіліп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Отан үшін от кешкен жауынгерлер мен тылда табанды еңбек еткен ардагерлерге көрсетілген құрмет – бұл.
Қасіретті соғыс жылдарының барлық ауыртпалығын қайыспай көтеріп, Жеңіске жеткен аға буынның ерлігі – ел жадында мәңгі сақталады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары халқымыз ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосты.
Майдан даласында ерлік көрсеткен батырлардың қайсар рухы мен тылдағы қажырлы еңбек бүгінгі бейбіт өмірдің негізіне айналды.
Ұлы Жеңіс күні – жауынгерлік ерлік пен елге адал қызметтің белгісі.
Бұл – батырларымыздың есімін ұлықтап, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік рухын сіңіретін тағылымды мереке.
Бүгінгі тәуелсіз әрі бейбіт өмір – сол боздақтардың жанқиярлығының жемісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1220305?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау