2026 жылдың 13 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы қызметкерлеріне арналған құқықтық түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесуге Қызылорда облысы адвокаттар алқасының адвокаты Е. Алтаев қатысып, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнына кеңінен тоқталды. Іс-шара барысында конституциялық реформалардың маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жаңа тетіктер, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар және заң үстемдігін нығайтуға қатысты нормалар түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қойылған сауалдарға заң аясында нақты жауаптар берілді. Кездесу қорытындысында Конституциялық өзгерістердің қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі мен ел дамуына ықпалы жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1220303?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау