Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Өзбекстан Республикасы Әділет академиясының базасында өткен «Цифрлық сот төрелігі: халықаралық стандарттар, ақпараттық қауіпсіздік және адам құқықтары» тақырыбындағы халықаралық оқу семинарына қатысты.
Делегация құрамына Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Алтын Айтуарова, Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығының директоры Толқын Нұрышева, сондай-ақ Академия профессоры Төлеуғали Бурбаев кірді.
Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркия елдерінің өкілдері қатысты.
Семинар аясында құқықтық саланы цифрландырудың халықаралық тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздік, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ кадрлық және білім беру процестеріне заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Халықаралық оқу семинарына қатысушылар Жоғары Сот Кеңесінің заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және кадрлық рәсімдердің ашықтығын арттыру бағытында жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалады. Әсіресе судьяларды іріктеу және кадр даярлау процестерін цифрландырудағы қазақстандық тәжірибе әріптестер тарапынан қызығушылық тудырып, үздік тәжірибелерді зерделеу және ықтимал қолдану тұрғысынан оң бағаланды.
Қазіргі уақытта Жоғары Сот Кеңесі іріктеу процестерін автоматтандыруға және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған өзінің ақпараттық жүйесін әзірлеуде. Жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған.
Семинар форматы теориялық және практикалық сессияларды, сондай-ақ кәсіби пікірталастарды қамтып, қатысушыларға тәжірибе алмасуға және цифрлық трансформацияның өзекті сын-қатерлерін талқылауға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға халықаралық сертификаттар табысталды.
Жоғары Сот Кеңесі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, судьяларды іріктеу мен кадр даярлау саласына заманауи тәсілдерді енгізу, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибелерді зерделеу бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1220351?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау