Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Абай облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни бірлестіктер басшылары клубының екінші отырысы өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық өзекті мәселелерді шешуде діни бірлестіктер арасындағы әріптестік пен өзара іс-қимылды дамыту.
Отырыс барысында басқарма басшысы С.Ә. Ысқақов қоғамдағы бірлік пен толеранттылықты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, жастарды діни радикализм мен жалған идеологиялардың ықпалынан қорғау қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, өзара сыйластық пен төзімділік қағидаттарын дәріптеудің маңызына назар аударды.
Кездесу аясында дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры М.Е. Өмірханов баяндама жасап, діни бірлестіктер қоғамда парасаттылықты, ізгілікті және моральдық жауапкершілікті насихаттауда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Шара барысында конфессияаралық татулықты сақтау, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту және ортақ құндылықтарды дәріптеу бағытындағы бірлескен жұмыстар талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/1220486?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау