Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақтау қаласының 22 және 28 шағын аудандарында тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тасталғаны анықталды. Аталған бейнежазба мен фото деректер қоғамда резонанс тудырған.
Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы тұлға анықталып, оның әрекеті заң талаптарына қайшы екені дәлелденді.
Нәтижесінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы («Абаттандыру қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.
Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын және қоғамдық тәртіпті бұзған кез келген әрекет заң аясында қатаң қаралатынын ескертеді.
Сонымен қатар, тұрғындардан қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастау, көпқабатты үйлердің аулаларында санитарлық тазалықты сақтау талап етіледі.
Қоршаған ортаны ластау қала келбетіне ғана емес, азаматтардың денсаулығына да кері әсер етеді. Әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін санитарлық нормалардың сақталмауы түрлі аурулардың таралу қаупін арттырады.
Полиция департаменті қала тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және экологиялық мәдениетті арттыруға шақырады.
Таза қала – ортақ жауапкершілік және мәдениетті қоғамның айнасы.
https://www.instagram.com/reel/DYR0yY8MSfk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1219640?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау