АУДАН ӘКІМІ «AMANAT»-ТА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізіп, жеке және қоғамдық мәселелердің шешілуіне ықпал етті.
Аталмыш қабылдауға аудан әкімінің орынбасарларымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, дербес бөлімдер мен денсаулық сақтау мекемелерінің, білім бөлімінің басшылары, әкімдер қатысты.
Алдын ала қабылдауға жазылып келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, елді мекендердегі көше жарықшамдары мен ауыз су, газдандыру, елді мекен ішіндегі тік дренажды ұңғымаларды іске қосу, әлеуметтік көмек алу, санитарлық тазалық, кәсіпкерлік салалары бойынша өтініштерін айтты.
Сала мамандары тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша заң аясында кеңестер беріліп, мәселені шешу жолдары ұсынылды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес берілетіні, елді мекендерді ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету, жарықтандыру мен жол салу жұмыстары бюджеттің мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны, елді мекен ішіндегі тік дренажды ұңғымалардың қажеттілігіне қарай іске қосылатыны түсіндірілді. Ал, санитарлық тазалықты сақтауға тек мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері ғана емес, жергілікті тұрғындар да тұрақты түрде атсалысуы керектігі айтылды.
Қоғамдық қабылдау барысында Серік Үсенұлы айтылған өтініштердің орындалуы бойынша жауапты сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріп, мүмкіндігінше заң аясында қанағаттандыруды тапсырды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1219920?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау