Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарының білім беру объектілеріне бару туралы.
Ағымдағы жылдың 13 және 14 мамырында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарының білім беру нысандарына жұмыс сапарымен барды, сондай-ақ тәуелсіз бақылаушы ретінде Уәлиханов ауданының «Телжан жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ББЖМ өткізуге қатысты.
Тайынша ауданының аудан орталығының 3 мектебінің, Ақжар ауданының 2 мектебінің және Уәлиханов ауданының 2 мектебінің ББЖМ-ға дайындық барысын тексерді.
Ақжар ауданында Ленинград ауылында орналасқан «Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі» КММ жұмысымен танысты. Ол колледж 9 және 11 сыныптардан кейін талапкерлерді қабылдай отырып, техникалық және ауыл шаруашылығы бейінінің мамандарын, оның ішінде тракторшы-машинистерді, аспаздар мен бухгалтерлерді дайындайды.
Уәлиханов және Тайынша аудандарында білім бөлімдерінің қызметкерлерімен және мектеп директорларымен оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестаттауды өткізу, мектептерді жөндеу, педагогикалық әдепті, педагог мәртебесі туралы заңды сақтау, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу, кәмелетке толмағандардың мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасаған құқық бұзушылықтары бойынша жұмысты күшейту, жазғы демалыс кезінде балалардың денсаулығының қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1219918?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау