Отырыс барысында депутаттар 2025 жылға арналған қалалық және ауылдық бюджеттердің атқарылуын қарады, Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының ресми қорытындысын, сондай-ақ қалалық мәслихаттың бейінді комиссиясының төрайымы М.Д. Маликова ұсынған анықтаманы тыңдады.
Өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізіліп, шығыстар оңтайландырылды. Үнемделген қаражат мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны төлеуге әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттарын беруге бағытталатын болады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мәслихат шешімдері қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1219917?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау