Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Төлеби аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы өтті.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия жұмысына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаты Нышамбаев Хабидулла төрағалық етті.
Күн тәртібінде төрт мәселе ұсынылды. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру мәселесі қаралды.
Сессияда бұдан бөлек, аудандық округтік, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы бұрын қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер де күн тәртібіне енгізілді. Сессияда ұсынылған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешімдер бекітілді.
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы қабылданған шешімдер бойынша аудан әкімі аппараты және дербес бөлімдерге жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында депутаттарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау