Пионер ауылдық округінің аумағындағы мектептерде оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді.
Кездесулер барысында оқушыларға адалдықтың, әділдіктің және заңды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікке және кез келген жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар құқықтық санасы жоғары жас ұрпақты тәрбиелеуге және қоғамдағы заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-pioner/press/news/details/1219855?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау