АУДАННЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНЫП, НАҚТЫ МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралып, бұқаралық спортты дамыту, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары, шомылу маусымындағы сақтық жұмыстары, ауыл шаруашылығы, өндіріс, инфрақұрылым және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жан-жақты сараланды.
Жиында ең алдымен аудан аумағында бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, ауылдық елді мекендерде спорт үйірмелері мен секциялардың жұмысын жандандыру бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар сараланды. Спорт инфрақұрылымын жақсарту, спорт алаңшаларын көбейту және бұқаралық спорттық іс-шараларды тұрақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Оқу жылының аяқталуына байланысты білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесі де күн тәртібіндегі өзекті тақырыптардың бірі ретінде қаралып, мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, су айдындары мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты сала өкілдерінің есебі тыңдалды. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, мәжілісте алдағы шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылып, жауапты мекеме басшылары су айдындарында болатын төтенше жағдайлардың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, арнайы кезекшіліктер ұйымдастыру және қауіпті аймақтарды бақылауға алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарын таныстырды.
Бұдан бөлек, жиында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және табысын көбейту бағытындағы бастамалар талқыланып, жобалардың тиімділігіне, олардың сапалы жүзеге асырылуына басымдық беру қажеттігі атап өтілді.
Көктемгі агротехникалық шаралардың орындалу барысы, егістік алқаптарындағы жұмыстар, су үнемдеу технологияларын енгізу, өндірістік парк аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен құрылысы жалғасып жатқан тік дренаждардың жағдайы, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының орындалу барысы, аудан аумағындағы тазалық жұмыстары, көгалдандыру, заңсыз күл-қоқыс орындарын жою және тұрғындарды экологиялық мәдениетке баулу мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.
Сондай-ақ, аудан басшысы тұрғын үй кезегін түгендеу, көктемгі әскерге шақыру науқаны, салықтық берешектерді өндіру, бюджеттің кірісі мен шығысының орындалуы секілді маңызды мәселелер бойынша да есептерді тыңдап, жауапты бөлім және мекеме жетекшілеріне, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын үйлестіруді аудан әкімі аппаратының басшысына міндеттеді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1219587?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау