Білім басқармасы басшысының төрағалығымен кезекті аппараттық отырыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының төрағалығымен кезекті аппараттық отырыс өтті. Жиын ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып, оған білім басқармасының қызметкерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде білім саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Ізбасар кәсіпорындардың өтінімдері негізінде кадрларды нысаналы даярлау жұмыстарын кеңейту бағытында баяндама жасап, өңірге қажетті мамандарды даярлау тетіктері мен алдағы жоспарларға тоқталды.
Сонымен қатар, облыстық әдістемелік орталықтың директоры Дина Жаманбаева облыстық «5Б» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен білім беру ұйымдарындағы нәтижелерді таныстырды.
Жиын қорытындысында басқарма басшысы Бұлбұл Күзембаева көтерілген мәселелер бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеп, жұмысты жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1220300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version