2026 жылғы 29 сәуірде Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің мамандары Басқарманың негізгі ұйымдастыру іс-шары жоспарына сәйкес №323 «Нұрлы жол – Қызыл-Ту – Петропавл» жолаушылар пойызында шартты түрде тырысқақ ауруына күдікті науқасқа байланысты оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу барысында №5 вагон жолсеріктері санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес індетке қарсы іс-шараларды толық көлемде жүргізді. Науқасты анықтау және госпитализациялау, ошақта дезинфекция жұмыстарын жүргізу, байланыста болған адамдарды оқшаулау және медициналық бақылауға алу, зертханалық зерттеулер үшін материал жинау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері пысықталды. Петропавл станциясына келгеннен кейін барлық мүдделі қызметтер хабарландыру схемасына сәйкес дер кезінде құлақтандырылып, жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға тартылған қызметтердің барлығы белгіленген алгоритм бойынша әрекет етіп, қойылған міндеттерді толық орындады. Іс-шара қорытындысы бойынша әрбір қызметтің іс-қимыл тактикасына талдау жасалып, есептік хаттама рәсімделді. Оқу-жаттығуды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті «МТ РК» телеарнасы шақырылды. 2026 жылғы 29 сәуірде жергілікті эфирде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Г.М. Баймағамбетовтың қатысуымен сюжет көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1220301?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау