Елорданың «Алматы» ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Б. Момышұлы даңғылы, 16 мекенжайында күрделі жөндеуден өтіп, абаттандырылған аула салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға «Алматы» ауданының әкімі Рустем Тауекелов, AMANAT партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек және аудан тұрғындары қатысты.
Жас тұрғындарға арнап аниматорлардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аула мерекелік көңіл-күйге, балалар күлкісі мен қуанышқа бөленді. Сонымен қатар, балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Абаттандыру аясында тұрғындарға қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аулада жаңа балалар ойын кешендері мен шағын сәулеттік формалар орнатылып, ойын алаңдарының жабындары мен палисадтар жаңартылды, футбол алаңы жөнделді, спорт алаңдары мен автотұрақ аймақтары абаттандырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.
Салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін аулада ашық аспан астында спортпен шұғылдануға арналған заманауи workout-аймақ жабдықталды.
«Алматы» ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан барлық аулаларды 1 маусымға дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жазғы демалыс кезінде балалар мен тұрғындардың жаңартылған қоғамдық кеңістіктерді толыққанды пайдалануына мүмкіндік береді.
Осындай жобаларды жүзеге асыру қалалық инфрақұрылымды дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1220509?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау