Әуезов ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындар нотариат, атқарушылық іс жүргізу, алимент өндіру, мүліктік даулар, құжаттарды рәсімдеу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша өз сұрақтарына жауап алды.
Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсету және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Шараға әділет органдарының қызметкерлері мен заң саласының мамандары қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1220510?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау