Қазақстан-Түркия: ШҚО әкімі ел арасындағы бизнес-форум аясында бірнеше жұмыс кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға ресми мемлекеттік сапармен келген болатын. Бүгін екі ел басшыларының қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті.

Форум барысында мемлекеттердің бірлесе іске асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтылды. Соның нәтижесінде елімізге 920 млн доллардан астам инвестиция тартылып, 3100-ден аса жұмыс орны ашылмақ.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аталған бизнес форум аясында бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Соның барысында өнеркәсіп саласында нақты келісімдерге қол жеткізілді.

Ақорданың баспасөз қызметінің дерегінше, Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланыстары жылдан жылға күшейіп келе жатыр. Атап айтқанда, 2023 жылы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясында Қазақстан бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды.

Астанада және Алматыда «Маариф» қорының мектептерін ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстанның бірқатар аймағында туризм саласына маманданған түрік компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1220512?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version