2026 жылғы 14 мамырда Рамадан және Табиғат шағын ауылдарында ауылдық округ әкімі Досмұхамбетов А.Ж.-ның халықпен есеп беру кездесулері өтті.
Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Абаханов С.Ш. қатысты. Депутат өз сөзінде ауылдық аумақтарды дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталды: ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау және несиелендіру шаралары, құрылтай сайлауы, аз комплектілі мектептердің мәселелері, сондай-ақ аудандық жобаларды жүзеге асыруға қаражат бөлу мәселелері.
Ауылдық округ әкімі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, тұрғындарды алдағы кезеңге арналған жоспарлармен таныстырды.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтар қойып, шешімін табуды талап ететін проблемалық мәселелерді ортаға салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol-enbek/press/news/details/1220288?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау