Атаулы қүннің қарсаңында «Сенім. Тірек. Кеңістік» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Іс-шара барысында білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету, қолайлы эмоционалдық орта қалыптастыру және педагогтердің кәсіби күйзелісінің алдын алу мәселелері талқыланды.
Спикерлер қатарында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Ізбасар, облыстық мәслихат депутаты Айгүл Нұркеева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Әбішева, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің өкілдері болды.
Семинар аясында орталық әдіскерлері тиімді тәжірибелерін ұсынып, келесі тақырыптық алаңдарды ұйымдастырды:
– «Инсайт клуб» — педагогтердің кәсіби күйзелісінің алдын алуға арналған
– «Сенім көпірі» — ата-аналарға арналған диалог алаңы
– «Ментор және мен» — жас педагог-психологтердің кәсіби дамуына арналған клуб
– «EQ-LAB» — білім алушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту студиясы
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1220291?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау