Курчатов қаласы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің өкілі, комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ Курчатов қаласы әкімдігіне қарасты ұйымдардың басшылары.
Күн тәртібінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жұмысшылар туралы ақпаратты енгізу және міндетті зейнетақы жарналары туралы мәселелер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік мекемелерге тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1220469?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау