Маңғыстауда міндетті сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Б. Заузанбай, сондай-ақ «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы А.С. Сабырбаева бірлесіп бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге барды.

«Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру» талаптарының орындалуына мониторинг жүргізіліп, кәсіпорындардың сақтандыру компанияларымен тиісті келісімшарттарының бар-жоғы анықталды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен жауапты тұлғаларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, міндетті сақтандырудың маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1220008?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version