Мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерді адал орындау, заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау бөлігіндегі негізгі талаптар қарастырылды. Заңдылық қағидаттарын сақтау, мемлекеттік мүдделердің басымдығы, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі нормаларын сақтау, тексерулер жүргізу және іссапарлар кезіндегі мінез-құлық мәдениетіне қатысты талаптар қосымша түсіндірілді. Сонымен бірге қызметкерлерге кемсітушілікке жол бермеу, еңбек тәртібі мен жұмыс режимін сақтау, құмар ойындарға қатысуға және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуға тыйым салу туралы еске салынды.

Іс-шара аясында әрбір мемлекеттік қызметшінің адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын сақтау жөніндегі жеке жауапкершілігінің маңыздылығына назар аударылды. Қосымша ретінде адалдық, ар-ождан және қоғамға қызмет ету туралы белгілі ойшылдардың өнегелі бағдарлары мен нақыл сөздері келтірілді.

Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі нығайту, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1220009?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version