Шымкент қаласында прокуратура, сот және Сот сараптамалары институты арасында өзара тиімді іс-қимыл жолға қойылып, қылмыстық қудалаудың жеделдігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Аталған механизм аясында тұрмыстық зорлық зомбылық және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық теріс қылықтар 1 тәулікте сотқа жолданады.
Мәселен, қала тұрғыны отбасылық жанжал барысында жұбайына күш қолданған. Қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысы алынып, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, іс материалдары сол күні сотқа жолданған.
Енгізілген тәртіптің нәтижесінде аталған санаттағы 30 қылмыстық іс 24 сағат ішінде сотқа жолданды.
Қабылданған жүйелі шаралар нәтижесінде тұрмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасау фактілері тіркелмеген.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1219561?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау