Үстіміздегі жылдың 13 мамыр күні Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған облыс көлеміндегі әкімшіліктерге қарасты мекемелердің кадр мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша кездесу Жетісай ауданында жалғасын тапты.
Аталмыш кездесуге Түркістан облысының әкімі аппараты кадр бөлімінің бас инспекторы Г.Тоққұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы және өңірдегі кадр мамандары қатысты.
Ауданға қарасты мекеме және кәсіпорындарының кадр қызметкерлерімен өткен кездесуде еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер мен жұмыс берушілердің міндеттері кеңінен талқыланды.
Кездесуде:
– еңбек шарттарын рәсімдеу тәртібі;
– жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау;
– қызметкерлердің құқықтарын қорғау;
– еңбек қауіпсіздігі талаптары;
– кадрлық құжаттамаларды еңбек заңнамасының талаптарына сай жүргізу мәселелері қаралды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау