🔰 ЖЕТІСАЙ: КАДР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Үстіміздегі жылдың 13 мамыр күні Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған облыс көлеміндегі әкімшіліктерге қарасты мекемелердің кадр мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша кездесу Жетісай ауданында жалғасын тапты.
 
🔹 Аталмыш кездесуге Түркістан облысының әкімі аппараты кадр бөлімінің бас инспекторы Г.Тоққұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы және өңірдегі кадр мамандары қатысты.
 
🔹 Ауданға қарасты мекеме және кәсіпорындарының кадр қызметкерлерімен өткен кездесуде еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер мен жұмыс берушілердің міндеттері кеңінен талқыланды.
 
🔹 Кездесуде:
– еңбек шарттарын рәсімдеу тәртібі;
– жұмыс уақыты мен демалыс уақытын сақтау;
– қызметкерлердің құқықтарын қорғау;
– еңбек қауіпсіздігі талаптары;
– кадрлық құжаттамаларды еңбек заңнамасының талаптарына сай жүргізу мәселелері қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1219564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді