
2026 жылғы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне, ағылшын тілі пәні әдіскерлеріне және кітап қорына жауапты мамандарға арналған облыстық семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және ағылшын тілін оқыту саласындағы заманауи инновациялық тәсілдермен таныстыру.
Семинар аясында «InterPress Distribution» компаниясының тренері Сиримбетов Нуржан Маралұлы ағылшын тілін оқытуда теория мен тәжірибені үйлесімді ұштастырудың заманауи тәсілдері, тиімді білім беру әдістемелері мен педагогикалық тәжірибелерімен таныстырды.
Іс-шара барысында қатысушылар оқытудың интерактивті әдістері, арнайы цифрлық құралдар, ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи білім беру платформалары және ресурстарымен танысты. Семинар кәсіби тәжірибе алмасу атмосферасында өтті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылды. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар мен ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар берілді.
Іс-шараға облыстық аудандық және қалалық ағылшын тілі пәнінен 30-ға жуық әдіскерлер қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1219565?lang=kk

Жауап қалдыру