🔰 ШАРДАРА: КАДР САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 14 мамыр күні Шардара ауданында Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған облыс көлеміндегі әкімшіліктерге қарасты мекемелердің кадр мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.
Кездесуге Түркістан облысының әкімі аппараты кадр бөлімінің бас инспекторы Г.Тоққұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуәліқызы және облыс көлеміндегі мекемелердің кадр мамандары қатысты.
Өңірдегі кадр мамандарына еңбек қатынастары саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы негізгі талаптар мен жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтық қатынастарды реттеу мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда:
– еңбек шартын жасасу тәртібі;
– жұмыс уақыты мен демалыс уақытының нормалары;
– қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері;
– еңбек тәртібін сақтау талаптары;
– кадрлық құжаттамаларды заң талаптарына сәйкес рәсімдеу;
– еңбек дауларының алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, кадр қызметкерлеріне еңбек заңнамасын сақтау – қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың және еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі тетігі екені атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1220680?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version