🔰 ШАРДАРА: КАДР САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹2026 жылдың 14 мамыр күні Шардара ауданында Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған облыс көлеміндегі әкімшіліктерге қарасты мекемелердің кадр мамандарына Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.
🔹 Кездесуге Түркістан облысының әкімі аппараты кадр бөлімінің бас инспекторы Г.Тоққұлы, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуәліқызы және облыс көлеміндегі мекемелердің кадр мамандары қатысты.
🔹 Өңірдегі кадр мамандарына еңбек қатынастары саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы негізгі талаптар мен жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтық қатынастарды реттеу мәселелері талқыланды.
🔹 Атап айтқанда:
– еңбек шартын жасасу тәртібі;
– жұмыс уақыты мен демалыс уақытының нормалары;
– қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері;
– еңбек тәртібін сақтау талаптары;
– кадрлық құжаттамаларды заң талаптарына сәйкес рәсімдеу;
– еңбек дауларының алдын алу мәселелері түсіндірілді.
🔹 Сонымен қатар, кадр қызметкерлеріне еңбек заңнамасын сақтау – қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың және еңбек қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі тетігі екені атап өтілді.
🔹 Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1220680?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді