🔻 Талдықорғанда «Sport Fest» фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылы маңында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды «Sport Fest» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Спорттық шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Қала әкімі Ернат Бәзіл өз сөзінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтіп, Талдықорғанда бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ «Мектеп Барысы» жобасының дәстүрлі түрде ұйымдастырылуы жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға ықпал етіп отырғанын айтты.

Фестиваль аясында үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Мектеп Барысы» жобасының финалдық кезеңі, әскери-патриоттық бағыттағы жарыстар, шағын футбол мен қазақ күресінен бәсекелер өтті. Жалпы саны 400-ге жуық оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

«Мектеп Барысы» жобасының қорытындысы бойынша №4 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Саятұлы Муслим І орынды иеленді. ІІ орын №14 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Мырзабек Ерасылға бұйырса, ІІІ орынды №26 орта мектептің оқушысы Қошаман Асылбек алды.

Ал әскери-патриоттық «Sport Fest» жарысында №2 орта мектеп жеңімпаз атанды. №26 орта мектеп ІІ орынға ие болса, №4 орта мектеп ІІІ орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар жасөспірімдер арасында шағын футбол және қазақ күресінен тартысты жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Айта кетейік, фестивальдің басты мақсаты жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту және бұқаралық спортты қолдау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1221577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version