2026 жылғы 22 мамырда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама
2026 жылғы 22 мамырда сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Отырысты әлеуметтік сала және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М.С. Жутаев ашып, жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі №75 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
- Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Қатысу үшін өтінім мына телефон бойынша: 8(7142) 542430, 542080.
e-mail: 575601@mail.kz.
Онлайн-көрсетілімге сілтеме:
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1220771?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау