Кеңес барысында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, заңнамадағы өзекті өзгерістер мен талаптар, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, тиімділігін және заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу, адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, кеңес қатысушыларына мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1220770?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау