Абай облысы Полиция департаментінің Семей қаласы полиция басқармасы Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімі тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында қала аумағында ақпараттық науқан жүргізді.
Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс есіктеріне 100-ден астам ақпараттық буклеттер орналастырылды. Бұл буклеттердің негізгі мақсаты – тұрғындарды интернет-алаяқтықтан қорғау және олардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Электрондық хаттар мен SMS-хабарламалардағы күмәнді сілтемелерді ашпаңыз.
Жеке және банк ақпараттарын бөгде адамдарға бермеңіз.
Құпия сөздерді тұрақты түрде жаңартып, екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.
Интернетте кез келген күмәнді әрекетке сыни көзқараспен қараңыз.
Интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақ болыңыз, күмәнді хабарламаларға немқұрайлы қарамаңыз, және өз деректеріңізді қорғауды күнделікті әдетке айналдырыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1221568?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау