8 мамыр күні сағат 09:45 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 921 шақырымында “Погрузчик” арнайы техникасы қозғалтқышының істен шығуы салдарынан жолдың ортасында тоқтап қалды.
Жол бойында тұрған арнайы техникаға көмек көрсету мақсатында полицейлер Жаңғызтөбе аумағынан келе жатқан “Трал” ауыр техникасын тасымалдаушы көлікті тоқтатып, жүргізушіден жолда қалған техникаға көмек көрсетуді өтінді. Трал жүргізушісі де бірден қиын жағдайға тап болған азаматқа қол ұшын созуға асықты.
Жүргізуші полицейлерге – сондай-ақ “Трал” жүргізушісіне шын жүректен алғысын білдірді:
“Алыс жолда бір өзім қалғанда бірден жанымнан табылған полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Не істерімді білмей абдырап тұрған сәтімде бірден іске кірісіп, жолда кетіп бара жатқан көлікті тоқтатып, көмек сұрап, мені жалғыз қалдырмады. Қолдауларыңыз бен көмектеріңізге ризамын” деп ризашылығын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1221567?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау