АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 130-ДАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде дәстүрлі азаматтарды қабылдау өтті. Қала тұрғындары энергетика, жер қатынастары, заңсыз құрылысқа қатысты мәселелерін, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша өзекті сұрақтарын көтерді.

Күні бойы қала әкімі, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 130-дан астам азаматты қабылдады. Әр азаматтың өтініші мұқият қаралды.

Бірқатар мәселе бойынша жан-жақты түсіндірілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жауапты тұлғаларға жолданып, тиісті шаралар қабылдау үшін бақылауға алынды.

Айта кету керек, барлық өтініш тіркеліп, бақылауға қойылды. Әр азаматқа заңда белгіленген мерзімде жауап беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1220619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version