2026 жылғы 4 мамырда Еуропалық иммундау апталығы аясында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен Қарағанды бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» РМК Іле-Балқаш филиалы қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – вакцинацияның маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алуда иммундаудың тиімділігін түсіндіру. Семинар барысында вакцинацияның адам денсаулығын қорғаудағы және жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, профилактикалық шаралар талқыланды. Сонымен қатар қызылша және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1220615?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау