Балқаш қаласында құрылыс саласының ардагері Қабдығали Кенежанұлына арналған мемориалдық тақта ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балқаш қаласында құрылыс саласының ардагері, ел дамуына елеулі үлес қосқан Қабдығали Кенежанұлына арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.

Ескерткіш тақта Абай көшесіндегі №43 үйдің қасбетіне орнатылды. Бұл шаңырақта ұзақ жылдар бойы өңірдің құрылыс саласының дамуына еңбек сіңірген азамат тұрған.

Қабдығали Кенежанұлы еңбек жолын қарапайым жұмысшы мамандықтан бастап, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ірі құрылыс нысандарын басқарған білікті маман деңгейіне көтерілді.

Оның жетекшілігімен Балқаш, Ақтоғай, Жәйрем және Шет өңірлерінде тұрғын үйлер, мектептер, өндірістік және әлеуметтік нысандар бой көтерді. Сол жылдары салынған көптеген ғимараттар бүгінде де халық игілігіне қызмет етіп келеді.

Көпжылдық адал еңбегі мен құрылыс саласына қосқан үлесі үшін Қабдығали Кенежанұлы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен және бірқатар құрмет грамоталарымен марапатталған.

Салтанатты шара барысында сөз сөйлегендер Қабдығали Кенежанұлының еңбекқорлығы мен адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтіп, оның жарқын бейнесі мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты.

Мемориалдық тақтаның ашылуы — елге адал қызмет еткен азаматқа көрсетілген құрмет пен тағзымның белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/press/news/details/1221452?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version