СҚО-да «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавлда «Бір ауыл-бір өнім» (БАБӨ) жобасы аясында жыл сайынғы көрме – жәрмеңке өтті. Биыл облыс орталығы мен СҚО аудандарынан 42 тауар өндіруші өз жетістіктерін көрсетті.

БАБӨ жобасын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы 2021 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Оның басты мақсаты – жергілікті шикізаттан жасалған өнімдерді жылжыту және танымал аймақтық брендтерді құру.

Жәрмеңкеде өнімдердің кең ассортименті ұсынылды: табиғи сүт пен ет, бал, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, Ұлттық киім, тоқыма бұйымдары, кәдесыйлар, сондай-ақ ағаш пен былғарыдан жасалған бұйымдар.

Көрме қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы конкурстың екінші кезеңіне өтетін 20 жартылай финалистті анықтайды. Олар өздерінің бизнес-жобаларын аймақтық бренд комитетінің алдында қорғауы керек. «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары гранттық қаржыландыруға 5 млн теңге қатысуға мүмкіндік алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1221451?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version