БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ «ПАРЫЗ 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ БАСТАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру және ілгерілету, оларды осы салада ең үздік тәжірибе енгізуге ынталандыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президентінің  2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес жыл сайын «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» конкурс  (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.

Конкурсты өткізудің мақсаты жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, сондай-ақ осы саладағы оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату болып табылады.

Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

3) «Үздік ұжымдық шарт».

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Барлық қажеттi материалдарды, үмiткерлер «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ ұсынуға тиiс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдердің ұсыну мерзiмi  2025 жылғы 1 шiлдеге дейін аяқталады.

Өтiнiм беру және құжаттарды ресiмдеу үшiн «СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ мына мекен-жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Кішкенекөл с., Уәлиханов көшесi, 82. Эл. мекен-жайы: uozisp@yandex.kz

Қосымша ақпаратты 22-152, 21-943 телефоны арқылы алуға болады.

 

«СҚО Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi»

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ualikhanov/press/news/details/1221066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version