Бұқар жырау ауданында «Жас жол инспекторлары» слетінің аудандық кезеңі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ю. Гагарин атындағы ЖББМ» КММ базасында «Жас жол инспекторлары» жасақтарының облыстық слетінің аудандық кезеңі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Ғазиз Байтасовтың ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелері мен заң және тәртіп қағидаларын насихаттау.

Слетке аудан мектептерінің командалары қатысып, жол жүру ережелері бойынша білімдерін, ептіліктері мен шығармашылық қабілеттерін бірнеше кезең бойынша сынға салды. Қатысушылар «Жол жүрісі қағидаларының білгірлері», «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Үгіт-насихат тобы», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» және «Эрудиттер турнирі» кезеңдерінде бақ сынасты.

Іс-шараға жергілікті полиция бөлімінің басшысы Азиз Жұмағазиев, полиция қызметкерлері және аудандық аурухана мамандары қатысып, оқушылармен тәжірибе бөлісті.

– Мұндай шаралар жасөспірімдердің жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттырып, тәртіп пен сақтыққа баулиды. Қатысушылардың дайындық деңгейі жоғары болды, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені «Ю. Гагарин атындағы ЖББМ» КММ командасы иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сертификаттармен марапатталды.

Аудандық слет жас ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын насихаттауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-buhar-zhyrau/press/news/details/1220516?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version