Алматы қаласы Әділет департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл К.Б. Базарбаевтың қатысуымен мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы күрес мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, темекі өнімдерін пайдаланудың алдын алу және қоғамдық орындарда темекі шегуге қатысты заңнама талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау, еңбек тәртібін нығайту және қызметтік ортада жағымды мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдарда салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің құқықтық әрі этикалық мәдениетін арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1220515?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау