Бюджетке артық төленген зейнетақы төлемдерін қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жалған мәліметтер ұсыну фактілерін анықтау және артық төленген сомаларды республикалық бюджетке өтеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Департамент тарапынан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қайта тексеру, сондай-ақ зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін жасанды түрде ұлғайту фактілерін анықтау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, жалған мәліметтер ұсыну салдарынан артық төленген сомаларды республикалық бюджетке өндіріп алу және қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар алушылардың зейнетақы төлемдерінің мөлшері қайта қаралды.

2025 жылы тағайындалған зейнетақы төлемдері бойынша жалған мәліметтер ұсынудың 66 фактісі анықталды. Оның ішінде 57 жағдай бойынша бүгінгі күні 3 351 346 теңге көлеміндегі артық төленген сомалар республикалық бюджетке қайтарылды, ал қалған жағдайлар бойынша өтініш берушілердің келісімі негізінде зейнетақы төлемдерінен ұстап қалу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жүргізілген тексерулер нәтижесінде бүгінгі күні республикалық бюджетке:

2023 жыл бойынша — 1 258 054 теңге;

2024 жыл бойынша — 1 781 582 теңге қайтарылды.

Жалпы республикалық бюджетке 6 390 982 теңге қайтарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1221082?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version