ТҰРАН АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ АЛАҢШАЛАР САЛЫНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҰРАН АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ АЛАҢШАЛАР САЛЫНУДА

 Тұрғындардың ұсынысы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Тұран ауданында балалар ойын және спорт алаңшаларының саны жыл сайын артып келеді.

 Аталған жоба тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, балалардың бос уақытын қауіпсіз өткізуіне, ал тұрғындардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беруде.

 Соңғы жылдары аудан аумағында бірнеше ондаған балалардың ойын, спорт және кешенді алаңшалар салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді:

 2023 жылы – 32 нысан
 2024 жылы – 40 нысан
 2025 жылы – 33 нысан.

 Сонымен қатар, 2026 жылы аудан аумағында тағы 44 нысан салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 28 жобаға қаржы қаралған.

 Бүгінде Тұран ауданында заманауи инфрақұрылымды дамыту, аулаларды абаттандыру және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметізметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1221081?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version