Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
14 мамыр күні СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Т.Л. Горлованың төрағалығымен жазғы сауықтыру лагерьлерін жазғы маусымға дайындау мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында балалар демалысын ұйымдастыруға, тамақтандыруға және сауықтыру ұйымдарындағы медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, сондай-ақ балалар арасындағы тағамнан уланудың алдын алу мәселелері қаралды.
Іс-шараға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, білім бөлімдерінің өкілдері, балалар сауықтыру ұйымдарының әкімшілігі мен медицина қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жазғы сауықтыру лагерьлерін ашу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1221080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version