ТҰРАН АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ АЛАҢШАЛАР САЛЫНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҰРАН АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ АЛАҢШАЛАР САЛЫНУДА

🔷 Тұрғындардың ұсынысы негізінде жүзеге асырылып жатқан «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Тұран ауданында балалар ойын және спорт алаңшаларының саны жыл сайын артып келеді.

🔷 Аталған жоба тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, балалардың бос уақытын қауіпсіз өткізуіне, ал тұрғындардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беруде.

🔷 Соңғы жылдары аудан аумағында бірнеше ондаған балалардың ойын, спорт және кешенді алаңшалар салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді:

🔹 2023 жылы – 32 нысан
🔹 2024 жылы – 40 нысан
🔹 2025 жылы – 33 нысан.

🔷 Сонымен қатар, 2026 жылы аудан аумағында тағы 44 нысан салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 28 жобаға қаржы қаралған.

🔷 Бүгінде Тұран ауданында заманауи инфрақұрылымды дамыту, аулаларды абаттандыру және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметізметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1221081?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді