15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ қызметкерлердің балаларының қатысуымен жылы әрі қуанышты іс-шара өтті.
Жас қонақтарға танымдық экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында олар ата-аналарының еңбегімен танысты, Департаменттің қызметі туралы көбірек мәлімет алып, үлкен әрі тату ұжымның бір бөлігі екенін сезінді.
Балалардың шат күлкісі, шынайы қуанышы мен ерекше қызығушылығы бұл күнге ерекше атмосфера сыйлады. Осындай кездесулер отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ата-аналардың еңбегіне деген құрметті қалыптастыруға және ұзақ уақыт есте сақталатын жарқын естеліктер сыйлауға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1221454?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау