ДКК төрағаларымен кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. М. Ертаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Сүгірова “Приишимье” ЖШС, “Тимирязев аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК, “М.Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы” ШЖҚ, “Қызылжар аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК дәрігерлік – консультативтік комиссияларының төрағаларымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаудың негізділігі, 031/е нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» құжатын толтыру сапасы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ерекше тетік арқылы мүгедектікті белгілеу пилоттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, ДКК төрағаларына басқа өңірлерде сырттай проактивті куәландыруға құжаттарды ұсыну кезінде анықталған бұзушылықтардың 167 фактісі туралы ақпарат жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1221456?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version