15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай, Қарақұдық ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен көпбалалы аналардың қатысуымен кездесу өткізілді.
Шараның басты мақсаты — қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерді өскелең ұрпаққа жеткізу және аналарға құрмет көрсету. Жылы жүздесу барысында бала тәрбиесі, отбасындағы сыйластық пен береке жайлы еркін әңгіме өрбіді. Қатысушы аналар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы беріктігінің маңызы туралы ғибратты ойларын ортаға салды.
Мерекелік шара әсерлі де шуақты атмосферада өтіп, отбасының мемлекет пен қоғам дамуындағы рөлін айшықтай түсті. Кездесу соңында қатысушыларға ризашылық білдіріліп, отбасы — бақыттың бастауы мен берекенің ұясы екендігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1221458?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау