«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталд

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Құрметті аудан тұрғындары!

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының I кезеңіне (аудандық) құжат қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

🔹 Конкурстың мақсаты:
• отбасы институтын, адамгершілік пен руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
• ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;
• отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
• қазақстандық отбасының жағымды имиджін қалыптастыру.

📌 Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қағаз және электрондық форматта қабылданады.

📍 Толық ақпарат алу үшін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратына келесі мекенжай бойынша жүгінуге болады:
8-ықшамаудан, 4А ғимараты, 3-қабат, Қоғамдық даму бөлімі.

📞 Байланыс телефоны:
+7 747 262 2894

+7 747 896 8844

📅 Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні — 2026 жылғы 15 маусым.

#Otbasym2026
#МерейліОтбасы2026
#Отбасым2026

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1221400?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version