Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Қазақстан цифрлық болашақтың стратегиялық пайымын таныстырды, онда «ғарыштық дипломатия» қазірдің өзінде практикалық жемісін беруде.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Әзербайжан, Түркия және Өзбекстаннан келген әріптестерімен тығыз ынтымақтастықта жасап жатқан CubeSat-12U ғылыми-технологиялық спутнигі негізгі жобаға айналды. Жұмыла атқаралып жатқан жұмыста, Астанадағы ғарыш саласының қазақстандық мамандары отандық Құрастыру-сынау кешенінің базасында жобалау мен жалпы құрастыруға жауапты, Өзбекстан тарапы қозғалтқыш қондырғысын әзірлеуде, ал Түркиядан келген серіктестер жобаны күн панельдерімен және бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етуде.
«Біз үшін бұл жоба – жай ғана кезекті аппаратты іске қосудан әлдеқайда жоғары. Бұл – біздің елдеріміз үшін алғашқы нақты технологиялық құрастыру нүктесі. Біз қазақстандық спутник жасау ісі, өзбек инженериясы, түрік IT-шешімдері сияқты құзыреттерді біріктірдік. Келесі жылы спутник орбитаға шыққанда, бұл түркі мемлекеттерінің ең күрделі ғылыми міндеттерді бірлесіп іске асыруға қауқарлы екенін дәлелдейтін ортақ табыс болады», – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Жоба сызба сатысынан, жүйелерді «темірде» құрастыру кезеңіне өтті және оны іске қосу келесі жылға жоспарланған. Бұл түркі мемлекеттерінің технологиялық амбицияларының салмақтылығын растайтын маңызды белес болмақ.
Қазіргі уақытта қатысушы елдер миссияның сәтті басталуын қамтамасыз ету үшін ТМҰ Хатшылығы арқылы құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды аяқтап жатыр. Мұндай кооперация тек тәжірибе алмасып қана қоймай, ортақ инженерлік мектеп пен орбитадағы жаңа бірлескен ашылулар үшін негіз болатын нақты жоғары технологиялық өнімді жасауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1221401?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау